Қоғам
Астанада Н. Тілендиев даңғылында қозғалыс шектеледі

Астана әкімдігінің мәліметінше, Н. Тілендиев даңғылында Баршын көшесінен Қоқтал көшесіне дейінгі учаскеде жол жамылғысының үстіңгі қабатын орнату жұмыстары қазір орындалуда.
Осыған байланысты 2025 жылдың 17 және 18 шілдесінде аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Автокөліктер жолдың тек бір жағымен жүре алады.
Жол-патруль қызметі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұрайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ыңғайсыздықты барынша азайту мақсатында учаскеге уақытша жол белгілері мен бағдарлағыштар орнатылады.



