Басты жаңалықтарСаясатЭкономика
Trending
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын жобалар жайында баяндалды.
Сондай-ақ Президентке ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені әзірлеу жұмыстарының аяқталғаны туралы айтылды. Құжат экономика саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша интеграциялық бірлестік елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.


