Басты жаңалықтар

Астанада Бірлік күніне орай белсендi жастар жаппай ағаш отырғызды

Астанадағы Президенттік саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай елорданың Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға «Ассамблея жастары» форумының қатысушылары, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының белсенді жастары мен еріктілері қатысты.

Бұл бастама Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің мәнін айқындай отырып, қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Экологиялық акция барысында 60-қа жуық көшет отырғызылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастамасының өзі жастардың сұранысы бойынша көтерілді деп айтуға болады. Өйткені қазіргі жас толқынның бойында жануарлар әлемі мен табиғатты қорғау бағытында айрықша серпіліс бар. Сондықтан өзге де жастар қауымын елімізде болып жатқан осы акциядан қалыс қалмауға шақырамыз. Біз қазіргі барымызды сақтай отырып, жасыл желекті көбейтіп, оны жастардың келесі буынына аманат етіп қалдыруымыз керек», – деді «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Александр Урмашев.

Оның сөзінше, «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының еліміз бойынша 10 мыңға жуық белсендісі бар.

Бірқатар өңірде Достық және бейбітшілік аллеялары ашылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button