Басты жаңалықтарЭкономика

Көлік салығын қалай есептеп, төлеуге болады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға 2025 жыл үшін көлік құралдарына салынатын салықты (жеке тұлғалар үшін) 2026 жылғы 1 сәуірге дейін төлеу қажет екенін еске салды, деп жазады Zakon.kz.

Салық сомасын мына тәсілдер арқылы есептеуге болады:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы «Көлік салығын есептеу» электронды қызметі арқылы;
  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының «Калькуляторлар» бөлімінде.

Салықты есептеу үшін мына деректерді көрсету қажет:

  • салық есептелетін жыл – 2025 жыл;
  • көлік құралын нақты иеленген айлар саны;
  • көлік құралының түрі;
  • қозғалтқыш көлемі.

Салық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көлеміне және көлік құралының қозғалтқыш көлеміне байланысты анықталады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы АЕК мөлшері қолданылады. 2025 жыл үшін АЕК 3 932 теңге болып белгіленген.

Көлік салығы жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді.

Төлем жасауға арналған деректемелер:

  • бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 104402;
  • төлем мақсатының коды (ТМК) – 911;
  • өсімпұл үшін ТМК – 912.

2025 жылға арналған көлік салығын жеке тұлғалар 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button