Технология

Ұялы нөмерді басқа операторға көшіру тәртібі өзгермек

Жоба 6 наурызға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда абоненттік нөмірді бір ұялы байланыс операторынан екіншісіне көшіру рәсімін өзгерту жоспарланып отыр.

Құжатта жазылғандай, оператор-донорға нөмірді көшіруден бас тарту құқығын беру ұсынылады. Егер абонент жаңа SIM-картаны іске қосқаннан кейін 60 күн өтпесе, нөмірді басқа операторға ауыстыруға мүмкіндік берілмеуі мүмкін.

Министрлік бұл өзгеріс алаяқтық пен теріс пайдалану тәуекелдерін азайтып, байланыс қызметін жеткізушілердің мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, нөмірді көшіру туралы сұрауға жауап беру мерзімін нақтылау ұсынылады. Оператор-донор өтінім түскен сәттен бастап 10 минут ішінде жауап беруге міндеттеледі. Бұл абоненттің байланыссыз қалу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button