Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Алматыда актер Мұрат Бисенбинмен қоштасты

Алматыдағы Орталық мешітте танымал актер Мұрат Бисенбиннің жаназа намазы оқылып, туған-туыстары, жақындары мен достары оны мәңгілік мекеніне шығарып салды. Қоштасу рәсіміне марқұмның өнер жолындағы әріптестері мен серіктестері де келді, деп хабарлайды  Orda.kz сайты.

Марқұмның әкесі Болат Бисенбиннің айтуынша, Мұраттың денсаулығы инсульт алғаннан кейін күрт нашарлаған.

«Инсульттен кейін біраз уақыт оңалту орталығында болды. Онда шамамен үш күндей жатты. Соңғы рет сөйлескенімізде жағдайының ауырлап кеткенін сездік: тамақ ішуден қалып, дәретке шығуы да қиындаған еді. 8-і күні таңғы сағат сегізде хабарласқанымда, «Мұраттан айырылып қалдық» деген қаралы хабарды естідім», – деді әкесі.

Еске салсақ, Мұрат Бисенбин 8 қаңтар күні 53 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бір жылдан астам уақыт бойы қатерлі ісікпен арпалысқан актер желтоқсан айында инсульт алып, ауруханаға түскен еді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button