Әлем
Әлем аруы 2025: Тәж Мексикаға бұйырды

Таиландта ұйымдастырылған 74-ші ауқымды «Miss Universe 2025» сұлулық додасы мәресіне жетті. Биылғы додада әлемнің әр қиырынан жиналған қатысушылар ішінен Мексика елінің өкілі Фатима Бош үздік шығып, жаңа Ғалам Аруы тәжін иеленді.
Сайыстың финалдық нәтижелері бойынша, жүлделі орындарға мына арулар жайғасты:
- Правенар Сингх (Таиланд)
- Стефани Абасали (Венесуэла)
- Аниса Манало (Филиппин)
- Оливия Яс (Кот-д’Ивуар)
Осыған дейін жарияланған қорытындылар бойынша, үздік ТОП 30 қатысушы қатарына Үндістан, Қытай, Таиланд, АҚШ, Франция, Жапония, Куба, Нидерланд, Доминикан Республикасы секілді мемлекеттердің өкілдері енді.
Қазақстан атынан бұл жылы 21 жастағы Қостанай қаласының тумасы Дана Алмасова сынға түсті. Дана байқаудың бірнеше кезеңінде өзінің шеберлігімен ерекше көзге түсіп, көрермендер назарын аудары.



