Басты жаңалықтарМәдениет

Астанада «Шабыт» XXVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді

Астанада 18-22 қараша аралығында «Шабыт» XXVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді.

Бұл – Қазақстандағы ең ірі мәдени шаралардың бірі болып саналатын, әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістерді, суретшілер мен ақындарды біріктіретін беделді фестиваль, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Шабыт» фестивалінің басты мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.

Фестивальге 18 бен 35 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады. Бұл қатарға өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, сондай-ақ филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары кіреді. Әр қатысушы тек бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 5 қараша күні сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен).
Номинациялар:

  • Камералық хор. Хор дирижері;
  • Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік;
  • Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано);
  • Фольклорлық ансамбль (2-5 қатысушы);
  • Эстрадалық вокал (дуэт, трио);
  • Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика);
  • Поэзия (үздік әдеби шығарма).

Сыйақы қоры:

  • Гран-при — 3 000 000 теңге;
  • I орын — 1 000 000 теңге;
  • II орын — 750 000 теңге;
  • III орын — 500 000 теңге.

«Шабыт» фестивалі – жаңа есімдердің бастау алаңы, шабыт пен шығармашылықтың қайнар көзі, сондай-ақ Қазақстан мен әлем жастарының бірлігін паш ететін мәдени бренд.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button