Басты жаңалықтарСпорт
Елена Рыбакина маусымдағы екінші титулына қол жеткізді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбода өткен WTA 500 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты жазады.
Отандасымыз финалда ресейлік Екатерина Александровамен шеберлік байқасты. Алғашқы сетті ресейлік теннисші өз пайдасына жазса (3:6), өзге екі сетте Рыбакина сенімді жеңіске қол жеткізді – 6:0, 6:2.
Бұл – Елена Рыбакинаның жекелей сындағы 10-шы WTA титулы.