Басты жаңалықтар

Астанада Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған мерекелік шамдар жағылды

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды. Елорданың негізгі ғимараттары мен LED-экрандары мерекеге байланысты түрлі жарықпен безендірілді.

Тәуелсіздікке арналған мерекелік көріністер 3D LED-экрандарда, үлкен шолу дөңгелегінде, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ғимаратының қасбетінде және қаланың басқа орындарында орналастырылды.

Бұл безендірулер тарихи күннің маңызын көрсетіп, Астанада ерекше мерекелік көңіл-күй қалыптастырады. Еске салсақ, Қазақстан Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсанда атап өтеді. Биыл еліміздің егемендігіне 35 жыл толады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button