Рыбакина Пегуланы жеңген соң жанкүйерлерге алғысын айтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында америкалық Джессика Пегуланы сенімді түрде жеңгеннен кейін жанкүйерлердің қолдауын ерекше атап өтті.
Бүгін, 18 қыркүйекте, қазақстандық спортшы қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Осылайша, АҚШ пен Қазақстан арасындағы ширек финалдық сериядағы жалпы есеп теңесті — 1:1. Ойын Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ұйымдастырылған.
Корттағы сұхбат барысында Рыбакинадан жанкүйерлер жайлы сұрағанда, ол қысқа ғана: «Мұнда өзімді өз алаңымыздағыдай еркін сезінемін, әсіресе жанкүйерлердің қолдауы ерекше», — деп жауап берді.
Айта кетейік, АҚШ — Қазақстан жұбының жеңімпазы жартылай финалда Жапония — Ұлыбритания кездесуінің асығы алшысы түскен спортшысымен ойнайды. Аталған матчтар да 18 қыркүйек күні өтеді.