ӘлемБасты жаңалықтарСаясат

Трамп Иранның тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдамақ

Ақ үй басшысы Дональд Трамп алдағы екі апта ішінде АҚШ-тың Иранға соққы жасау мәселесін шешеді. Бұл туралы бейсенбі күні оның баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты

«Иранмен алдағы уақытта өтуі немесе өтпеуі де мүмкін келіссөздерге қатысты айтарлықтай ықтималдық бар екенін ескере келе, мен алдағы екі апта ішінде шешім қабылдаймын», — делінген Дональд Трамптың мәлімдемесінде.

Осылайша АҚШ президенті Иранмен ядролық бағдарлама бойынша келіссөзді қайта бастау мүмкіндігі туралы ойы бар екенін білдірді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің сөзінше, Вашингтон Тегеранмен жасалатын кез келген келісімде Иранның уранды байытуға рұқсаты болмауы тиіс және оған ядролық қаруға ие болуға жол берілмейді деген ұстанымында қалады.

The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, Трамп Иранға қарсы әскери шабуыл жоспарын әлдеқашан мақұлдады. Алайда оны қолданысқа енгізу жөнінде бұйрық бермеген. Басылым дереккөздерінің айтуынша, АҚШ президентінің Иран ядролық бағдарламадан бас тартады деген үміті басым.

Бұған дейін Дональд Трамп Тегераннан «толық әрі шартсыз берілуін» талап еткен болатын. Ол АҚШ Иранның әуе кеңістігін толық бақылауына алғанын да айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button