Қоғам

Көлік министрлігінде кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру талқыланды

2026 жылғы 30 қазанда Көлік министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Амангелді Нұғмановтың басшылығымен кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы отырысы өткізілді.

Отырыста Көлік министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен теміржол кәсіпорындарының өкілдері бас қосты. Қатысушылар қозғалыс қауіпсіздігін бұзу себептерін талдап, кірме жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған нормативтік-құқықтық базаның өзектілігін қарастырды.

Кездесуде ведомствоаралық және салалық өзара әрекеттестікті күшейту, анықталған бұзушылықтар туралы шұғыл ақпарат алмасу және бірлескен алдын алу шараларын қабылдау маңыздылығы атап өтілді. Жиын қорытындысы бойынша болашақ жұмыс бағыттары белгіленіп, олар бұзушылықтардың алдын алу, бақылау тиімділігін арттыру және кірме жолдарды қауіпсіз пайдалану шараларын жетілдіруге бағытталды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button