Қоғам
Ақтөбе облысында 303-ші «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы құрылымы ашылды
Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қараой ауылында 303-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Бұл жаңа өрт сөндіру бекеті 1 207 тұрғыны бар екі ауылға қызмет көрсетеді.
Іс-шараға Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин, Ойыл ауданының әкімі Сәкен Займолдин, жергілікті тұрғындар және гарнизон қызметкерлері қатысты.
Жергілікті атқарушы органдар өрт сөндірушілердің жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасап, демалыс бөлмелерімен қамтамасыз етті. Төтенше жағдайлар министрлігі бекетті өрт сөндіру техникасымен жабдықтады.
Жаңа өрт сөндіру бекеті оқиға орнына жедел жетуге мүмкіндік беріп, өрт пен басқа да төтенше жағдайларға жылдам әрекет етуге жағдай жасайды.
Дереккөз: gov.kz



