Қоғам

Қазақстанда атаулы әлеуметтік қолдау жүйесі жаңартылады

Қазақстанда әлеуметтік саясатты қайта қарау және атаулы мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру жұмыстары басталды. Бұл шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылуда.

Жаңа тәсілдер бойынша мемлекеттік көмек отбасылардың нақты материалдық жағдайын әділ бағалау нәтижесінде көрсетіледі. Осы мақсатта «Отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесі» қайта қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бағалау критерийлері толықтай жаңартылды.

Әлеуметтік қолдау шарттары қалай өзгереді

Әдістемеге енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді азаматтардың кірістері мен несиелік міндеттемелері, оның ішінде ипотекалық қарыздар да есепке алынады. Сондай-ақ үй шаруашылығындағы көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларының бар-жоғы мен жағдайы ескеріледі. Зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан ауыл шаруашылығы техникасы есепке алынбайды. Жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға ретінде тіркелу, сондай-ақ шағын жер телімдері мен қосалқы шаруашылықтар енді есепке кірмейді.

Қосымша факторлар мен тексеру шаралары

Жаңа жүйеде отбасының күнкөрісіне жұмсалатын шығыстар, несие бойынша міндеттемелер, жалғыз асыраушының немесе жалғыз тұрғын үйдің болуы сияқты жағдайлар да назарға алынады. Сонымен бірге мемлекеттік органдардың 30 ақпараттық жүйесіне тексеру жүргізіледі. Өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп жәрдемақы алушылардың нақты материалдық жағдайы да қайта тексеріледі. Бұл өзгерістер әлеуметтік көмектің дәлдігі мен әділдігін арттыруға бағытталған.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button