Қоғам

Қазақстан мен АҚШ Аралды қалпына келтіру және ормандарды қорғау бағытында бірлесіп жұмыс істеуде

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың табиғатты және орман қорын қорғаудағы еңбегін жоғары бағалады.

Экологиялық ынтымақтастықтың маңызды жобасы

Қазақстан мен АҚШ арасындағы экологиялық серіктестіктің айқын мысалы — америкалық тараптың қолдауымен жүзеге асқан Арал теңізінің құрғаған табанындағы «Оазис» пилоттық жобасы. Бұл бастама аясында 432,5 мың сексеуіл көшеті отырғызылып, өсімдіктердің жерсінуін жақсартуға және заманауи отырғызу технологияларын енгізуге бағытталған зерттеулер жүргізілді.

Арал өңірінің табиғатын қалпына келтіру

Жоба шеңберінде қолға алынған жұмыстар құм көшкіндерінің алдын алуға, өсімдік жамылғысын қалпына келтіруге және аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан мен АҚШ ортақ мақсатқа — табиғатты қорғап, келешек ұрпаққа жасыл әлемді аманат етуге ұмтылып отыр.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button