Қоғам
Қазақстанда орман өртінен зардап шеккен аумақ 46%-ға азайды
2026 жылғы мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпті маусымның қорытындысы жарияланды. Биыл елімізде 902 орман өрті тіркелді. Өрт оқиғаларының саны артса да, жалпы өрт шарпыған аумақ 27,5 мың гектардан 14,9 мың гектарға дейін қысқарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46%-ға аз.
Орман өрттерімен күрес шаралары
2023–2026 жылдары орман шаруашылығы мекемелеріне 2 204 арнайы техника сатып алынды. Ормандарды авиациялық қорғау еліміздің 12 облысында жүзеге асырылып, әуе кемелерінің жалпы ұшу уақыты 6 827 сағатты құрады.
Өрттің алдын алу және материалдық-техникалық базаны күшейту
Орман өрттерінің алдын алу, материалдық-техникалық базаны нығайту, мамандарды даярлау және өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасын табуда.
Дереккөз: gov.kz



