Білім

Солтүстік Қазақстанда республикалық студенттер форумы тұңғыш рет өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында «Soltustik Student Forum» республикалық студенттер форумы алғаш рет өтуде. Шараны Kozybayev University ұйымдастырып отыр. Форумға Астана, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды қалаларындағы 11 жоғары оқу орнынан келген студенттер қатысуда. Жиын екі күнге жоспарланған.

Форум мақсаты мен негізгі бағыттары

Форум жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты күшейтуді, студенттердің тәжірибе алмасуын және жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруды көздейді. Қатысушылар Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған міндеттерді, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен олардың мәнін талқылайды.

Форум бағдарламасы мен пікірлер

Kozybayev University-дің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі басқарма мүшесі Әділхан Төлепберген форум өңірдегі студенттік қауымдастықты нығайтуға және жастардың көшбасшылық қасиетін дамытуға септігін тигізетінін айтты. Бағдарламада «Толық адам», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Оқитын ұлт» қағидаттары, сондай-ақ бірлік, ынтымақ, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтары қамтылған.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан онлайн қосылып, елдің дамуы бүгінгі жастардың белсенділігі мен білімге ұмтылысына байланысты екенін атап өтті.

Практикалық сабақтар мен қосымша шаралар

Форум аясында «Қазіргі қоғамдағы әйелдер көшбасшылығы», «Жаңа Конституция аясындағы заманауи коммуникациялар», «Жеке бренд қалыптастырудағы жасанды интеллект» тақырыптарында практикалық сабақтар өтеді. Сондай-ақ студенттер үшін өңірдің тарихи-мәдени нысандарына экскурсиялар, зияткерлік ойындар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылған.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button