Басты жаңалықтар

Астанада түнде қар тазалауға 600-ден астам жұмысшы шықты

Астанада толассыз қар жаууына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қар тазалау жұмыстары қалада үзіліссіз жүргізіліп жатыр.

Түнгі ауысымда жұмылдырылған күш

28 қарашаға қараған түні қар күреуге 600-ден астам арнайы техника және 500-ден аса жол жұмысшысы қатыстырылды. Бұған дейін, 27 қарашадағы күндізгі ауысымда ауыр жүк көліктері 84 рейс жасап, қала аумағынан 1 200 текше метрден астам қар шығарған болатын.

Қай учаскелерге басымдық беріледі

Ең алдымен қардан негізгі магистральдық көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазартылады. Кейін көлік қозғалысы орташа учаскелер: аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар қардан тазартылады.

Алдағы күндерге ауа райы болжамы

«Қазгидромет» мамандарының дерегінше, алдағы күндері елордада жаңбыр мен қар жаууы, тұман, көктайғақ және боран күтіледі. Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға жолдар мен тротуарларда аса мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және сапарға шығар алдында ауа райы болжамын қарауға кеңес береді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button