Экономика

Қазақстанда аккредиттеу жүйесі бизнестің қолайлылығы мен ашықтығына бағытталуда

25 қарашада аккредиттеу саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылаған кеңес өтті. Жиында аккредиттеу субъектілерімен байланыс орнату, қызмет сапасын арттыру және бизнестің сынақ зертханаларына деген сұранысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сынақ зертханаларының қажеттілігі анықталуда

Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры Айдар Әбілдабеков елімізде қандай сынақ зертханаларына сұраныс жоғары екенін анықтау жұмыстары басталғанын жеткізді. Мамандар кәсіпорындарға қандай сынақ түрлері жетіспейтінін және өндірушілердің шетелдік зертханаларға қандай сынақтар үшін жүгінетінін зерттеп жатыр. Нәтижесінде, Қазақстанға қажетті зертханалардың картасы әзірленеді.

Аккредиттеу рәсімдерінде ашықтық артады

Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу рәсімдерінің ашықтығын күшейтуге бағытталған шараларды іске асыруда. Қашықтан бағалау механизмі енгізілді. Жабдықтарды сәйкестендіру, бағалау барысын фото және бейнежазбаға жазып алу қолға алынуда. Бағалау кезінде бейнетіркегіштерді қолдану туралы 30 келісім жасалды.

Өтініштерді қарау және кері байланыс жүйесі жетілдірілуде

Өтініштерді жедел қарау мен байланыс орнату мақсатында Telegram-бот іске қосылды. Алдағы уақытта аккредиттеу субъектілері арасында апта сайын сауалнама жүргізу және аккредиттеу процессін жеңілдету үшін жасанды интеллект енгізу жоспарланып отыр.

Болашақтағы негізгі бағыттар мен ынтымақтастық

Орталықтың болашақтағы жұмысы үш негізгі бағытта жүреді: аккредиттеу рәсімдерін дамыту, бизнеске икемді қызмет көрсету жүйесін енгізу және сарапшылардың кәсіби біліктілігін арттыру. Бұл шаралар сала мамандары мен кәсіпкерлердің қатысуымен іске асады. Осы мақсатта Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келесі кеңес Алматыда өтеді

Ұлттық аккредиттеу орталығы сала мамандары және кәсіпкерлермен кездесулерді жалғастырады. Келесі кеңес Алматы қаласында өтеді деп жоспарлануда. Осы кездесулерде айтылған ұсыныстар мен пікірлер аккредиттеу саласындағы өзекті мәселелерді шешу мен қызмет сапасын жақсартуда ескеріледі.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button