Қазақстан метан шығарындыларын азайтудағы бастамаларын COP31-де ұсынды
Анталья қаласында COP31 конференциясы аясында метан шығарындыларын төмендету және Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту тақырыбына арналған іс-шара өтті. Бұл кездесуді CAREC, Global Methane Hub және Environmental Defense Fund (EDF) ұйымдары ұйымдастырды.
Қазақстан тарапынан іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева қатысты. Ол сөзінде Қазақстанда метан шығарындыларын реттеуді жетілдіру, спутниктік мониторингті енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларды баяндады.
Сондай-ақ, Қазақстан өкілдері метан шығарындыларын қысқарту саласындағы өңірлік әріптестікті нығайтуға және тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.
Дереккөз: gov.kz



