Қоғам
Әділет министрлігінің байланыс қызметінде уақытша ақау болады
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат қызметінің телефон желісіне (8 7172 58-00-58) техникалық жұмыстарға байланысты уақытша ақаулар болуы ықтимал. Бұл уақыттағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.
Альтернативті байланыс арналары
Техникалық жұмыстар кезінде азаматтар «Е-Заң көмегі» порталы мен «Әділет» ақпараттық жүйесі сайты арқылы Виртуалды ассистентке хабарласып, QR-кодты сканерлеу арқылы Web-қоңырау шала алады.
Жазбаша сұрақтар мен өтініштер WhatsApp мессенджері арқылы +7 708 693 5631 нөміріне қабылданады.
Байланыс қашан қалпына келеді
Телефон желісінің қалыпты жұмысы қалпына келгені туралы қосымша ақпарат беріледі. Азаматтардың түсіністікпен қарағанына алғыс айтылады.
Дереккөз: gov.kz



