Мәдениет

Қазақстандық киножобалар American Film Market нарығында ұсынылды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында American Film Market халықаралық кинонарығы ұйымдастырылды. Бұл шараға әлемнің жетекші кинокомпанияларының өкілдері, продюсерлер, дистрибьюторлар және кино саласының басқа да мамандары жиналды.

Қазақстан атынан Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының мамандары қатысты. Олар киностудияның фильмдері мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген киножобаларды шетелдік әріптестерге таныстырды.

Шара барысында киностудияның халықаралық ілгерілету бөлімінің басшысы Ольга Хлащева және бөлімнің жетекші маманы Гулизада Курбанова шетелдік дистрибьюторлармен және киноиндустрия өкілдерімен бірнеше іскерлік кездесу өткізді. Кездесулерде қазақстандық фильмдерді халықаралық прокатқа шығару, жаңа нарықтарға жол ашу және фильмдерді тарату жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

American Film Market шарасына қатысу арқылы қазақстандық киноны әлемдік аудиторияға кеңінен таныстыруға, халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік жасалды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button