Мәдениет

«Хабар» телеарнасында «Даму формуласы» жаңа ток-шоуы эфирге шығады

«Хабар» телеарнасында 8 сәуірден бастап «Даму формуласы» атты жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу көрерменге жол тартты. Бағдарламада Мемлекет басшысының бастамалары, Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттары және Президент Жолдауында белгіленген басымдықтар жан-жақты қарастырылады.

Жаңа жоба қоғам үшін маңызды мәселелерді ашық талқылауға арналған. Сарапшылар мен қоғам өкілдері мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіріп, өз көзқарастарын ұсынады. Бағдарламада мемлекеттік бастамалардың іске асу жолдары мен нақты нәтижелері де сараланады.

Алғашқы шығарылымның тақырыптары

Бірінші бағдарламада кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен бірге «Халықтық құрылыс» жобасының маңызы мен оны іске асыру тетіктері сөз болды.

Қатысушылар мен эфир уақыты

Бағдарламаға Мәжіліс депутаттары Ерлан Саир, Айдос Сарым және қоғам қайраткері Самат Нұртаза қатысты. Олар жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен экономикалық бастамалардың халық өміріне әсері туралы пікір білдірді.

«Даму формуласының» жүргізушісі – журналист Мейрамгүл Мәдәлі. Бағдарлама дүйсенбі күндері сағат 23:00-де, сәрсенбі күндері сағат 14:00-де «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button