Семейде этносаралық қатынастарға арналған журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
Семейдегі Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Этносаралық қатынастар саласының жаңа архитектурасы: БАҚ рөлі» тақырыбында Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға ішкі саясат органдарының өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, этностық БАҚ редакциялары мен баспасөз қызметкерлері, журналистер, медиасарапшылар және блогерлер қатысты.
Этносаралық келісім және БАҚ-тың рөлі
Қатысушылар этносаралық келісімді нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызына тоқталды. Сондай-ақ, этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды дайындаудағы кәсіби тәсілдер мен ақпарат таратудағы жауапкершіліктің өзекті мәселелері талқыланды.
Медиатренингтер мен тәжірибе алмасу
Отырыс барысында журналистикадағы продюсерлік, медиасауаттылық, жасанды интеллектіні қолдану және этносаралық тақырыптарды жариялау жайында медиатренингтер ұйымдастырылды. Деректерді тексеру, жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-шаралар және редакциялық шешім қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Клубты дамыту жолдары қарастырылды
Сонымен қатар, Журналистер клубын тәжірибе алмасу мен БАҚ, баспасөз қызметтері және медиасарапшылар арасындағы байланысты нығайту үшін кәсіби алаң ретінде дамыту жолдары сөз болды.
Дереккөз: gov.kz



