Қоғам

Көкшетауда 350-ден астам жас сарбаз әскери ант қабылдады

Көкшетаудағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде 350-ден астам жас сарбаз әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсімге сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары мен достары жиналды.

Жас сарбаздар Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, ел алдындағы әскери міндетін абыроймен атқаруға ант берді. Бұл рәсім — әр азамат үшін үлкен жауапкершілік пен патриоттық сезімнің көрінісі.

Салтанатты шарадан соң ата-аналар балаларына ақ тілектерін айтып, естелік суретке түсті. Бұл күн сарбаздар мен олардың жақындары үшін ерекше әсерлі әрі қуанышты болды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button