Спорт

Әлібек Дінішевтің 75 жылдығына арналған гала-концерт өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында танымал опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішевтің 75 жасқа толуына орай екі музыкалық кеш өтті.

Мерейтой бағдарламасы Джузеппе Вердидің «Травиата» операсымен ашылды. Одан кейін гала-концертте Әлібек Дінішевтің репертуарындағы қазақ әндері, романстар мен әлемдік вокал өнерінің үздік шығармалары орындалды.

Концерттің екінші бөлімінде Әлібек Дінішев сахнаға шығып, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», Матвей Блантердің «За высокими горами», Агустин Лараның «Solamente una vez» және Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әндерін орындады. Әншімен бірге сахнада оның жиені Карина Абдуллина да өнер көрсетті.

Мерекелік кешке театр солистері Оксана Давыденко, Нұрғалым Аманбай және Балуан Беркенов қатысты. Симфониялық оркестрге Ренат Салаватов пен Нұржан Байбосынов дирижерлік етті. Хорды Әлия Темірбекова басқарды. Концерт режиссері – Наталья Кагадий.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button