Қоғам

Жетісу облысында Сарыөзек вокзалы толық жаңартылып, пайдалануға берілді

Жетісу облысында орналасқан Сарыөзек теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан еліміздің 124 теміржол вокзалын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді.

Вокзал ғимараты мен перроны жаңартылды

Қайта жаңғырту барысында жалпы ауданы 137 шаршы метрді құрайтын бір қабатты вокзал толық жөнделді. Ғимараттың қасбеті металл сайдингпен қапталып, жертөле бөлігі гранитпен әрленген. Еденге керамогранит төселіп, ішкі бөлмелер жаңартылды. Сондай-ақ инженерлік желілер мен перрон жаңғыртылды.

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес қосымша эвакуациялық шығу жолдары жабдықталып, өртке төзімді есіктер орнатылды. Құрылыс кезінде отандық өндірістің материалдары қолданылды.

Сарыөзек вокзалының қызметі және бағыттары

Сарыөзек станциясының вокзалы II санатқа жатады. Бұл станция арқылы Алматы, Семей, Талдықорған, Өскемен, Астана, Қарағанды және Балқаш қалаларына, сондай-ақ Ресей Федерациясының қалаларына қатынайтын 22 жолаушылар пойызы өтеді.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды

Жоба нәтижесінде станцияның жолаушылар инфрақұрылымы жаңартылып, жолаушылар үшін қолайлылық пен қауіпсіздік деңгейі артты. Заманауи талаптарға сай қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button