Экономика

Ауыл шаруашылығы министрлігінде 2026 жылдың тоғыз айындағы азаматтық өтініштер талқыланды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде аппарат басшысы Сергей Лидің төрағалығымен азаматтардың өтініштерін қарау және жұмыс тиімділігін арттыруға арналған кеңес ұйымдастырылды. Жиында өтініштерді қарау сапасы мен жылдамдығын жақсарту, келіп түскен сұрақтарға жүйелі талдау жасауға және азаматтардың қайталама өтініштеріне себеп болатын түйткілдерді анықтауға баса көңіл бөлінді.

Кеңес барысында азаматтардың өтініштеріне белгіленген мерзімде жауап беру ғана емес, ең алдымен олардың көтерген мәселелерін шешу қажеттігі айтылды. Сергей Ли әрбір өтініштің жан-жақты әрі әділ қаралуын, тапсырмалардың уақтылы орындалуын, сондай-ақ қайталама өтініштерге жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдары басшыларына берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды күшейту тапсырылды. Сонымен қатар, өтініштерді қарау және оларды тиісті органдарға жолдау мерзімін сақтау, өтініштерді дұрыс санаттау, азаматтармен кері байланысты тиімді ұйымдастыру міндеттері белгіленді. Әр бағыттағы жұмыстың нәтижелілігі бөлім басшыларының жеке бақылауында болатынына ерекше назар аударылды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button