Басты жаңалықтар
Астаналық спортшы Азия чемпионатында семсерлесуден күміс медаль иеленді
Бахрейннің Манама қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесуден Азия чемпионаты өтті. Бұл жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы сапында астаналық Мансұр Естеу командалық рапира сайысында күміс жүлдені жеңіп алды.
Аталған құрлықтық бәсекеге 25 елден 350-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы финалға дейін Қытайлық Тайбэй мен Қатар командаларын 45:43 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге шықты. Финалда отандастарымыз Гонконг құрамасынан 31:45 есебімен жеңіліп, күміс медальға қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы сапында елордалық Мансұр Естеуден бөлек, алматылық Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов және Евгений Токанов өнер көрсетті. Бұл нәтиже еліміз үшін тарихи жетістік саналады.
Дереккөз: gov.kz



