Басты жаңалықтар

Астанада өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымына орай профилактикалық шара өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғын үйлерге улы газға қарсы арнайы датчиктер орнатылды.

Мамандар сонымен бірге үйлердің мұржаларын тазалады. Нұра ауданындағы Үркер шағын ауданында аудан әкімдігі өкілдерімен бірге үйлерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері осы ауданда 100-ден астам көмір қышқыл газы мен түтінге қарсы датчиктер қойылған. Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Нұрмаханбет Диас тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелеріне мұқият болуға шақырды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button