Білім
Оқу-ағарту министрі Қосшыдағы IT-лицей мұғалімдерімен кездесу өткізді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапарымен Қосшы қаласына барып, IT-лицейде болды. Министр алдымен бастауыш сыныптарды аралап, оқушылармен және олардың мұғалімдерімен сөйлесті.
Бұдан кейін лицейдің акт залында мұғалімдермен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуде педагогтер оқушыларды бағалау, оқулықтардың сапасы, педагогтерді аттестаттау және оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты өз сұрақтарын қойды.
Жиында жаңа бағалау жүйесін енгізу, аттестаттау тәртібі және оқулықтарды жаңарту мәселелері талқыланды. Жұлдыз Сүлейменова көкейдегі сұрақтарға жауап беріп, Оқу-ағарту министрлігі қолға алып жатқан жұмыстар жайлы айтты.
Дереккөз: gov.kz



