Қоғам

ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының курсанттары халықаралық қоян-қолтық ұрыс турнирінде топ жарды

Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары Щучинск қаласында өткен полиция майоры, әлем чемпионы Руслан Мұқановты еске алуға арналған халықаралық қоян-қолтық ұрыс турнирінде жоғары нәтиже көрсетті.

Турнирге 17 командадан 230 спортшы қатысты. Академия курсанттары BATYR TEAM құрамында өнер көрсетіп, үздік дайындықтарын дәлелдеді. Олар жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.

Жеке салмақ дәрежелерінде Диар Серғали (16-17 жас, 73 кг) мен Арман Төлебай (18-23 жас, 57 кг) алтын медаль, ал Олжас Сабиев (16-17 жас, 67 кг) қола жүлде жеңіп алды.

Бұл жетістік курсанттардың тұрақты жаттығуы мен спорттық шеберлігінің нәтижесі саналады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button