Қоғам

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыру бойынша конкурс жариялайды

Қорғаныс министрлігі алдағы 2027–2028 жылдарға Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамын тамақтандыру қызметтерін ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң талаптарына сәйкес конкурс тәсілімен жүргізіледі. Конкурсты ұйымдастырушы ретінде Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сатып алу орталығы белгіленген.

Жоспарланған сатып алу жөніндегі толық ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button