Қоғам

Түркістан облысында заңсыз қоқыс тастаған 5 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы шеңберінде аумақты тазалау және абаттандыру ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында рейдтік шаралар жалғасуда.

Созақ ауданында өткен рейд кезінде полиция қызметкерлері тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленбеген жерге төккен бес тұрғынды анықтады. Заңсыз шығарылған қоқыстың жалпы салмағы 4 тоннаға жуықтады.

Полиция тәртіп бұзушылықтарды тіркеп, тұрғындарға тазалық талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді. Аталған фактілер бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар, құқық бұзған азаматтарға қоқыс төгілген аумақты өздері тазалап, қалдықтарды арнайы орынға шығаруға тапсырма берілді. Полиция тұрғындарды көшелер мен қоғамдық орындарды ластамауға, барлық тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тек белгіленген орындарға төгуге шақырады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button