Басты жаңалықтар
Астаналық балуан Бағдат Сабаз әлем чемпионатында қола медаль иеленді
Астана қаласының балуаны Бағдат Сабаз елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бағдат Сабаз грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол Әзербайжан спортшысы Хасрат Джафаровты 7:5 есебімен жеңіп, әлемдік доданың жүлдегері атанды.
Бұған дейін астаналық балуан ширек финалда Иран спортшысы Саид Эсмаилиден жеңілген еді. Алайда қарсыласы финалға шыққан соң, Бағдат жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезеңде ол Қытай балуаны Цзинь Синьсиньді 8:5 есебімен ұтып, қола медаль үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алды.
Дереккөз: gov.kz


