Қоғам

Астанада INTERPOL SUNRISE халықаралық операциясы өтті

12–16 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы мен Интерпол Бас хатшылығының өкілдері бірлесіп, SUNRISE халықаралық операциясын өткізді.

Заманауи құрылғылар қолданылды

Операция барысында тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру, құжаттардың түпнұсқалығын анықтау және шетел азаматтарының деректерін Интерполдың халықаралық базаларымен жедел салыстыру үшін HOTSPOT пен SCREEN атты мобильді құрылғылар пайдаланылды. HOTSPOT құрылғысы INTERPOL BioHub биометриялық платформасы арқылы саусақ іздерін тексеріп, нәтижесін бірнеше секундта көрсетеді. Ал SCREEN құрылғысы құжаттарды халықаралық дерекқорлар арқылы тексеруге арналған.

Операция мақсаты

SUNRISE операциясының басты мақсаты – халықаралық іздеуде жүрген адамдарды анықтау, террористік және өзге де трансұлттық қылмыстарға қатысы бар тұлғалардың елдер арасындағы қозғалысын шектеу, әрі Интерполдың жаңа технологияларын Қазақстан құқық қорғау органдарының жұмысына енгізу.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button