Әміре Қашаубаев атындағы ән байқауында үздіктер анықталды
Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы қорытындысымен үздік өнерпаздар марапатталды. Байқау үш күнге созылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас әншілер ұлттық ән мектептерінің ерекшелігін көрсетті.
Бұл шараны Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырды. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті. Мұндағы мақсат – дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттау, жас орындаушыларға қолдау көрсету және ұлттық мұраны сақтау.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс мүмкіндігін, орындау шеберлігі мен әншілік мектептердің ерекшелігін ескере отырып үздіктерді анықтады. Байқау қорытындысы гала-концертте жарияланды.
- Бірінші орын – Жайна Бауыржанқызы Тарғынова
- Екінші орын – Жалын Құнанбай және Айдос Саниязбекұлы
- Үшінші орын – Сәулет Аманғазыұлы Аманғазин, Аружан Айтманқызы Сағындық, Жанарым Асқарқызы Аманғалиева
Сонымен қатар, Дәурен Дәулетұлы Ораш, Маржан Нұркенқызы Әптербек, Мадияр Азаматұлы Өмірғали, Даниял Файзуллаұлы Рахметолла және Айбала Өсиетқызы Бейсенова дипломмен марапатталды.
Дереккөз: gov.kz



