Басты жаңалықтар

Астана әуежайында Республика күніне арналған мерекелік шара өтті

Республика күніне орай елорданың халықаралық әуежайында шетелдік туристерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Акцияны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері ұйымдастырды.

Игі шара барысында Астанаға келген шетелдік қонақтарға Қазақстанның мемлекеттік туы мен шоколадтар сыйға тартылды. Еріктілер ұлттық мереке қарсаңында елордаға келген меймандарды жылы қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Акцияның мақсаты – шетелдік қонақтарға Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін, Республика күнін атап өту дәстүрін таныстыру және қазақ халқының қонақжайлығын көрсету. Қонақтардың арасында халықаралық спорт жарыстарына қатысуға келген спортшылар да болды. Қазіргі кезде елордада күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар мен спорт саласының өкілдері бар.

Бұл мерекелік акция Астанада өтіп жатқан Республика күніне арналған іс-шаралардың бірі. Мұндай шаралар патриотизмді, бірлікті және мемлекеттік рәміздерге құрметті күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ қалада мәдени, қоғамдық, спорттық және патриоттық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button