Білім

Астанада «Келешек мектептері» арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті

Астанада Республика күніне байланысты «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өткізілді. Зияткерлік сайыс №106 мектепте өтті.

Турнирдің мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың логикалық ойлауын дамыту және мектептер арасындағы байланысты күшейту болды. Сайысқа қатысушылар ұлттық ойыннан өз шеберліктерін көрсетті.

Жарыс жеңімпаздары анықталды

Ұлдар арасында:

  • I орын – Қуаныш Аян (№101 мектеп)
  • II орын – Бұхар Бексұлтан (№114 мектеп)
  • III орын – Сайпулла Бүркіт (№115 мектеп)

Қыздар арасында:

  • I орын – Тәңірбергенова Айнел (№100 мектеп)
  • II орын – Сұлтанқызы Дилназ (№110 мектеп)
  • III орын – Жетпис Ляззат (№112 мектеп)

Турнир ұйымдастырушылары

Жарысты Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Астана қаласының Тоғызқұмалақ федерациясы бірлесіп өткізді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button