Басты жаңалықтар
Астанада Республика күніне арналған музыкалық челлендж өтті
Астанада мектеп мұғалімдері мен оқушылары Республика күніне арнап ерекше музыкалық челлендж ұйымдастырды. Іс-шарада туған жерге деген сүйіспеншілік ән арқылы жеткізілді.
«Атамекен» әнін орындау челленджіне 460 оқушы мен 20 мұғалім қатысты. Олар бірлесіп, елге деген құрмет пен патриотизмді көрсетті.
Шара барысында қатысушылар туған жерге деген сағынышын, Отанға деген сүйіспеншілігін ән арқылы білдірді. Мұғалімдер мен оқушылардың ортақ орындауы ел бірлігінің және рухани тұтастықтың белгісі болды.
Дереккөз: gov.kz



