Басты жаңалықтар

Астанада конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

Астанада «Адамға бағдарлану – Қазақстандағы конституциялық реформаның бағыты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.

Конференция барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, конституциялық кепілдіктерді күшейту және заңнаманы жетілдіру мәселелері көтерілді. Оған мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Жиынға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері онлайн қосылды. Қатысушылар адам құқықтарын қорғаудың тиімді жолдары мен конституциялық реформаны жүзеге асыру тәсілдері жөнінде пікір алмасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button