Қоғам
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір құтқарушыларын кәсіби мерекесімен құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады. Өңір басшысы ел басына күн туған сәтте қатерге бас тігіп, адам өмірін арашалап қалатын мамандардың еңбегі әрдайым ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда облыстық ТЖД құрамында 1 450 маман қызмет атқарады. Жыл басынан бері департамент бөлімшелері 4 мыңға жуық жедел шақыртуға шығып, 1 100-ден астам апаттық-құтқару операциясын жүргізген. Сондай-ақ саланы жаңғырту аясында техника паркі тұрақты түрде жаңарып, жұмысқа заманауи әдіс-тәсілдер енгізілуде.
Тынымсыз еңбектің нәтижесінде жыл басынан бері 145 адам құтқарылып, 160 азамат қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өңір басшысы азаматтардың амандығы мен тыныштығын күзеткен сала мамандарына зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке және жауапты қызметтеріне табыс тіледі.
Фото: ШҚО әкімдігі


