Саясат
Қазақстан өкілі ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды
2026 жылғы 18 қазанда Бағдат қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 52-ші сессиясында Қазақстан өкілі Бағдат Әміреев ИЫҰ Бас хатшысының әкімшілік және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына бірауыздан сайланды.
Бағдат Әміреев ресми түрде қызметіне кірісті
Сессия барысында елші Б. Әміреев ант қабылдап, өз міндетіне ресми түрде кірісті. Бұл лауазым — ИЫҰ-да Қазақстан өкілі алғаш рет басшылық орынға сайланып отыр.
Қазақстанның халықаралық ұйымдағы беделі артты
Қазақстан өкілінің ИЫҰ Бас хатшылығындағы жоғары қызметке сайлануы ұйымға мүше елдердің елімізге деген сенімінің жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл шешім Қазақстан мен ИЫҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және ұйым аясында жаңа бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді.



