Экономика

Талдықорғанда 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Талдықорған қаласында жылу желілерін жаңарту жұмыстары тәмамталды. Екі участкеде орындалған жұмыстардың ішіндегі барлық міндеттер толық түрде іске асырылды.

Магистральдық желі реконструкциясы

Жансүгіров көшесіндегі №3 сорғы станциясынан Гагарин көшесіне дейінгі участкеде диаметрі 700 мм жылу желісінің реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған 3,5 шақырымдың толығы жаңартылып, жұмыс көлемі 100%-ға орындалды.

Біржан сал көшесіндегі желілердің жөндеуі

Назарбаев көшесінен Жабаев көшесі бағытындағы Біржан сал көшесінің бойында диаметрі 400, 300 және 250 мм болатын жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары орындалды. Жоспарланған 1,02 шақырымның барлығы жөнделіп, жұмыс көлемі де 100%-ды құрады.

Жалпы нәтижелер

Екі жоба бойынша Талдықорған қаласында жалпы ұзындығы 4,52 шақырым жылу желісінде жұмыстар аяқталды. Энергетика министрлігінің ведомствасы 2026–2027 жылдарының жылыту маусымына дайындық монторингін жүргіземеде.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button