Мәдениет

Астанада «Роза Бағланова» мюзиклі сахналанды

Көрнекті әнші туралы мюзикл

Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Роза Бағланова» мюзиклі сахналанды.

Қойылымда көрнекті әнші Роза Бағланованың өмір жолы мен өнердегі жетістігі баяндалады. Әншінің шығармашылық жолы мен өнердегі ізденісі музыкалық нөмірлер, сахналық көріністер және сол дәуірдің әндері арқылы көрініс тапты.

Халықаралық танылу

Мюзикл Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен XVII халықаралық мюзикл фестивалінде «Үздік шетелдік мүзикл» номинациясы бойынша және «Үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша екі марапатқа ие болды.

Туындының авторлары

Қойылымның режиссері – «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин. Композиторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button