Білім

Ауыл оқушыларының олимпиадасы: аудандық кезеңге 70 мыңнан астам оқушы қатысуда

Елімізде 7-9 қазан аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші, яғни аудандық кезеңі өтіп жатыр. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша іріктелген 9-11 (12)-сынып оқушыларының 70 мыңнан астамы сайысқа қатысуда.

Олимпиаданың алғашқы кезеңіне қанша оқушы тіркелді

Биыл олимпиаданың бірінші кезеңіне 135 мың оқушы тіркелді. Бұл өткен жылғыдан шамамен 10 мыңға көп.

Аудандық кезеңге осы оқушылардың ішінен жоғары нәтиже көрсеткендері өтті.

Олимпиада қанша пәнді қамтиды және келесі кезең қашан өтеді

Олимпиада 13 жалпы білім беретін пәнді қамтиды. Пәндер екі бағытқа бөлінеді:

  • 6 пән — жаратылыстану-математикалық бағытта;
  • 7 пән — қоғамдық-гуманитарлық бағытта.

Зияткерлік сайыс барлығы төрт кезеңнен тұрады. Аудандық кезеңнің жеңімпаздары 26-31 қазан аралығында өтетін облыстық кезеңге жолдама алады.

Ауыл оқушыларына арналған олимпиада не үшін өткізіледі

Республикалық олимпиаданы Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды анықтап, қолдау мақсатында ұйымдастырады. Сайыс оқушыларға қабілетін ашып, білімін зияткерлік жарыстарда көрсетуге мүмкіндік береді.

Олимпиада өткізіле бастаған сәттен бері ауыл оқушыларының республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысу көрсеткіші 10 есе өсті.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button