Қоғам
Ұстазыңды құттықта челленджі: Астанада 28 қыркүйек — 5 қазан аралығында өтеді
Астана қаласында Ұстаздар күніне орай 28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстазыңды құттықта» челленджі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара ұстаз еңбегіне құрмет көрсетіп, шәкірт пен мұғалім арасындағы байланысты дәріптеуге бағытталған.
Челленджке кез келген қала тұрғыны қатыса алады: олар білім мен тәрбие берген ұстазына жүрекжарды тілегін жолдап, алғысын білдіре алады. Қатысу үшін бастаманы #Ұстазыңдықұттықта хэштегі арқылы жариялау қажет.
Шараның мақсаты — ұстаз еңбегін бағалау және олардың қоғамдағы рөлін айқындап көрсету. Қосымша ақпарат елорда әкімдігінің ресми сайтынан беріледі.
Дереккөз: gov.kz



