Қоғам

Шаттл-маршруттар: 27 қыркүйекте Астанада Қайрат Нұртастың концертіне тасымал

27 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында Қайрат Нұртастың концерті өтеді. Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, көрермендерге қолайлы жағдай жасау және көлік кептелісін азайту мақсатында арнайы шаттл-маршруттар іске қосылады; шаттл-автобустар 16:00-ден бастап жүріп бастайды.

Шаттл-автобустар келесі нүктелерден әкеліп және концерттен кейін кері қайтарады:

  • Астана циркінің автотұрағы
  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы
  • Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы
  • «Нұр-Сұлтан» мешітінің (Бас мешіт) автотұрағы

Шаттлдар концерт басталар алдында да, іс-шара аяқталғаннан кейін де екі бағытта қатынайды. Қосымша маршруттар стадион маңындағы көлік кептелісін азайтып, көрермендердің концертке барып-қайтуын жеңілдетуге бағытталған. Сондай-ақ концерт өтетін орынға «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлігі арқылы да жетуге болады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button