Қоғам
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 26–27 қыркүйек күндері өтеді
Астанада 26 және 27 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шаралар «Keryen Joly» СОО (Алаш тасжолы, 35Б) және «ERA» базары (Қорғалжын тасжолы, 96) алаңдарында ұйымдастырылады.
Ұсынылатын тауарлар
Жәрмеңкелерде жергілікті шаруалар мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап және басқа да тауарлары тиімді бағада ұсынылады.
Өтетін орындар және қатынайтын автобустар
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке алаңдарына бірнеше қоғамдық көлік бағыттары қатынайды:
- №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317
- №45, 66, 305 және 312
Дереккөз: gov.kz



